KZ
en
ru

Біз туралы

Алматы қ. «Алатэя» компаниясы заң қызметтерінің кең спектрін ұсынады. Ол бизнесті жүргізуде сіздің сенімді серіктесіңіз болады, себебі фирманың қызметкерлері – мол жұмыс тәжірибесімен және тиісті білімімен жоғары білікті заңгерлер. Біз сізге өз құқықтарыңызды қорғауға, оларды бұзудың алдын алуға көмектесеміз.

Фирма заңгерлік қызметін 2011 жылы бастады. Уақыт өте көрсетілетін қызметтер шеңбері кеңейе түсті. Қазіргі уақытта компания екі ұйымнан тұрады. «Алатэя Консалтинг» ЖШС бизнесті заң жүзінде алып жүру қызметін көрсетеді. Ал «Алатэя» ЖШС кедендік брокер болып табылады және кедендік құжаттаманы ресімдеу және құжаттарды аудару бойынша қызметтерді көрсетеді.

Біздің қызметіміз адалдыққа, құпиялылыққа және әр клиентке жеке көңіл бөлуге негізделеді. Сіз қажетті мәселе бойынша кеңесті қашықтық режімінде (телефон бойынша немесе онлайын),және офисте жеке кездесу кезінде ала аласыз.

Біздің қызметіміз адалдыққа, құпиялылыққа және әр клиентке жеке көңіл бөлуге негізделеді

Біздің клиенттерге заңгерлік қызмет көрсетудің негізгі бағыттары

1
Құжаттаманы жасау және сараптама1
2
Құқықтың әртүрлі салалары бойынша кеңес беру
3
Бизнесті толық алып жүру
4
Соттарда өкілдік ету
5
Тауарларды кедендік ресімдеу
6
Банктік және қаржылық құқық
7
Кедендік ресімдеу бойынша кеңес беру
8
Келісімшарттарды орындауды бақылау
9
Борыштарды сатып алу
10
Медициналық және фармацевтикалық лицензияларды, алкогольдік өнімді өткізу саласындағы, ветеринария, туристік қызмет саласында және көлік  саласында және  т.б. салаларда  лицензияларды алу және қайта ресімдеу

Сондай-ақ компания заңды тұлғалар үшін кәсіпорындарды тіркеуде және қайта тіркеуде көмек көрсетеді. Сіз біздің компанияда бизнесті құрудың бастапқы кезеңінде кәсіпқой кеңесті аласыз. Ал құжаттар Қазақстанның заңнамасын және халықаралық нормаларды ескере отырып, талданады және әзірленеді.

«Алатэя» - бұл жұмыстың жоғары тиімділігі, міндеттерді жылдам шешу, заңнама жаңалықтарының  және  сот өндірісінің мониторингі, қазіргі заманға сәйкес жоғары сапалы қызметтерді көрсету. Бізге хабарласу  кезінде заңгерлердің кәсіпқой командасы  әрбір клиентке жеке көңіл бөледі. Бізбен бірге сіздің бизнес сенімді қолдауды алады. Біз істердегі тәуекелді жағдайлардың туындауының алдын аламыз және сіздердің мүдделеріңізді қорғаймыз.

 

Кеңес алу

Жіберу пернесін басу арқылы Сіз өзіңіздің жеке ақпаратыңызды өңдеу шарттарымен келісесіз